Қазақстанда қажылық сапарға арналған тұңғыш дебет картасы енгізілді

AlHilal ислам банкі Қазақстанда қажылық сапарға және умраға арналған дебет картасын ұсынып отыр. Ол арқылы қажылық сапарға қаражат жинауға және Сауд Арабиясы мен БАӘ аумағында картадан қолма-қол ақша алуға болады. Карта шариғаттың барлық талабына сай келеді және онымен төлем жасағанда қаражаттың жартысы қайырымдылыққа аударылады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл картаның басты ерекшелігі — қажылық сапарға қажет соманы алаңсыз жинауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клиенттің жинақтық салымдары шариғат заңдарына сәйкес сақталады. Ал Меккеге қажылыққа барғанда қайдан және қалай ақша алу туралы ойланудың қажеті жоқ. Картаны кәдімгі дебет картасы ретінде де қолдануға болады. Өмірдің маңызды сәттерінің бірі — қажылыққа баруға дербес карта қолдану арқылы жақсы дайындалуға болады, — деді AlHilal ислам банкінің басқарма төрағасы Гордон Хаскинс.

Қазақстанда жыл сайын 3 мың адам Меккеге қажылыққа аттанады, ал үлкен қажылықтан бөлек тағы бірнеше мың адам умраға сапар шегеді.

Карта туралы толығырақ ақпаратты банктің филиалдарынан немесе банктің байланыс орталығынан +7 727 233 00 00 нөмірі немесе ұялы телефоннан 2330 нөмірі бойынша мәлімет алуға болады.

AlHilal ислам банкі АҚ — Қазақстан мен ТМД-дағы бірінші ислам банкі, 2010 жылы Қазақстан Республикасы және БАӘ үкіметтерінің өзара келісімі бойынша құрылған. Ол Абу-Даби үкіметінің 100% үлесі бар БАӘ-дегі қарыштап дамып келе жатқан және әлеуетті ислам банкі — AlHilalBank PJSC банкінің еншілесі. AlHilalBank PJSC банкінің несие рейтингі жоғары: FitchRatings бойынша А+ және Moody’s бойынша А2.