Басты бетЖаңалықтарБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев әйелдерді Президенттің атынан құттықтады

Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаев Әйелдердің халықаралық күніне арналған «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концертке барды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттік хатшы концерт алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан еліміздегі әйелдер қауымын халықаралық 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде қоғам өміріндегі және мемлекетті дамыту ісіндегі әйелдердің ролі айрықша аталып өткені туралы айтты.

Сіздер елдіктің жүгін ер-азаматтармен бірдей арқалап, сан түрлі салада табысты еңбек етіп, мемлекетімізді нығайтуға, елдігімізді баянды етуге бірегей үлес қосып келесіздер, – делінген құттықтауда.

Президенттің құттықтауында әйелдер қауымы шаңырақтың берекесі мен отбасылық құндылықтарды сақтап, бүкіл қоғамның үйлесімді дамуына септігін тигізіп отырғаны жөнінде айтылған.

Барша қазақстандық анаға жан-жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау — ер азаматтардың борышы және мемлекеттің ең басты міндеті. Біз осы үдеден шығу үшін аянбаймыз, – делінген құттықтау сөзде.

Концертте Astana Ballet, «Жастар» театрларының өнерпаздары, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Ринат Малцагов, Рүстем Нұржігіт, Ayree, Нұржан Керменбаев, Әли Оқапов, Алтынай Жорабаева, «Жас сарбаз» балалар хоры және Қарақат Әбілдина студиясының шәкірттері өнер көрсетті.