2019 жылдың қаңтарының соңына қарай Қазақстанда әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны 581,2 мыңға, яғни бір жылда 3,6%-ға өсті. Бұл еліміздегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының 47%-дан 47,2%-ға көбеюіне себеп болды. Ranking.kz зерттеушілерінің мәліметі осындай.

Мамандардың зерттеуіне қарағанда биыл жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктердің саны 485,2 мыңға, яғни 10,7%-ға, ал әйелдер басқаратын ЖК субъектілер саны 46,5%-дан 46,8%-ға артқан.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың басында әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 648,1 мың немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 42,1%-ына тең болды. Әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілері Қостанай облысында көп тіркелген — 46,6% (30,4 мың), Қарағанды облысы екінші орында — 46,3% (46,6 мың), Шығыс Қазақстан облысы алғашқы үштікке кіреді — 45,5% (50,6 мың). Әйелдер басқаратын бизнес нысандары Солтүстік Қазақстан облысында ең аз тіркелген — 15,3 мың. Басқа өңірлердегі статистиканы мына жерден көруге болады.

Еуропа қайта құру және даму банкі әлем бойынша әйелдердің бизнес ашуына көмектесіп келеді. Бүгінге дейін 25 елдегі мыңдаған кәсіпорын қаржыландырылған. Қазақстанда бұл бастамаларға «Даму» қоры кепілдік етеді. Еуропа қайта құру және даму банкінің осы бағдарламасының серіктестері: ForteBank, Kassa Nova, «ЦентрКредит» банктері және KMF микроқаржы ұйымы.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Anton Fritsler (kit8))