Қазақстан халқының 8,7 миллионға жуығы – ана, сүйікті жар, отанасы, отбасы мен шаңырақты сақтаушы әйел. Нәзік жандардың ел болашағына қосқан үлесі өте зор. Соңғы кезде әйелдердің, әсіресе, бизнес саласында белсенділігі артып келеді. Ханымдар басшылығымен кәсіпорындар іске қосылып, балабақшалар ашылып, өндіріс орындары жұмыс істеп жатыр. Әйелдер бизнесін қолдау үшін банктер бірегей бағдарламаларды іске қосты. Соның ішінде несие бойынша ұсыныстардың тиімділігін атап айтуға болады.

2016 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың мамыр айларында ForteBank Еуропалық қайта құру және даму банкінен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жалпы көлемі 10 миллион доллар алды. Бұл қаражат алты ай ішінде толық игерілді.

Қазақстанның ІЖӨ 39,5%-ы, шағын және орта бизнесінің 43%-ы әйелдердің еншісінде, ал жеке кәсіпкерлердің 52%-ы — нәзік жандар. Біз елдің дамуына әйелдердің қосқан үлесі қаншалықты зор екенін және ForteBank кәсіпкерлерді белсенді қолдайтынын жұртшылықтың түсінгенін қалаймыз, – деп атап өтті ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

2018 жылы қаржы ұйымы кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында ForteBusiness Woman бірегей бағдарламасын әзірлеп, іскер ханымдардың 540 жобасына демеушілік жасады. Банктің шағын және орта бизнеске берілген несиелерінің үштен бір бөлігі әйелдерге тиесілі.

ForteBank
©ForteBank

Ақпан айының соңғы аптасында бизнестегі әйелдердің табысына иіссу шығарып, ForteBank банкоматтары мен кассалары арқылы айналымға жібердік. Иіссулар іскер әйелдердің бизнес кассаларында қолма-қол ақшаға сатуға қойылды. Бұл бастаманы 105 сату нүктесі бар 43 кәсіпкер ханым қолдады және олардың саны артып келеді, — дейді банк өкілдері.

Жарнама науқанының мақсаты – әйелдерді өз ісін ашуға және дамытуға серпін беру, ынталандыру. Ол үшін ForteBank бірнеше танымал кәсіпкер әйелді манифест-бейнероликтің кейіпкері ретінде шақырды. Олардың қатарында «Қағанат» асханалар желісінің негізін қалаушы Шынар Бүгімбаева, TAKITA маркетингтік агенттігінің негізін қалаушы Зинаида Пак, FILO пәндік дизайн студиясының негізін қалаушы Анастасия Леонова, Mimioriki балалар киімдері брендінің негізін қалаушы Инна Апенко, Saniya Ilyassova сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы Сания Ильясова, Рentatonica киімдер дүкенінің негізін қалаушы Кира Майшева, fashion-продюсер және брендінің негізін қалаушы Динара Сәтжан, «АРДА» балалар футбол мектебінің ортақ иегері Назым Жанғазинова, «Ақ әлем» тазалау компаниясының негізін салушы Ақмарал Басырова, «Аружан және Ко» продюсерлік орталығының негізін қалаушы Аружан Саин, PIPL консалтингтік бюросының негізін қалаушы Мари Мустафина, SK Boxing бокс мектептері желісінің негізін қалаушы Аяла Қонақбаева бар.

Бейнеролик қазақстандық бірқатар телеарнаның эфирінде көрсетілді.

2019 жылы ForteBank әйелдер басқаратын компаниялар үшін бірнеше өнім шығарады. Біз әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан қазір бизнес-ледилердің пікірін жинаймыз және олардың ұсыныстары мен идеялары бойынша қажет әрі ыңғайлы өнімдер жасаймыз, — деп түсіндірді банк басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.