Франсуаза Беттанкур-Майерс әлемдегі ең бай әйел атанды

L’Oreal компаниясының негізін қалаушы Эжен Шюлленің немересі Франсуаза Беттанкур-Майерс Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай әйел атанды.

Басылымның мәліметінше, оның дәулеті 49 миллиард доллардан асқан. Франсуаза Беттанкур-Майерстің отбасына косметика алпауыты акцияларының 33%-ы тиесілі.

Былтыр Франсуаза Беттанкур-Майерстің байлығы 17%-ға — 7,1 миллиард долларға көбейген. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде ол 15-орында тұр.

2018 жылы әлемдегі ең дәулетті әйел Элис Уолтон болған еді, ол — америкалық Walmart гипермаркет желісінің негізін қалаушы Сэм Уолтонның қызы. Элис Уолтонның бар байлығы 46 миллиард доллар болған.

Айта кету керек, 1987 жылдан 2001 жылға дейін Forbes рейтингінде әлемдегі ең бай әйел ретінде бір ғана адам болды — Франсуаза Беттанкур-Майерстің анасы Лилиан Беттанкур.

ДереккөзTengrinews.kz