Forbes Головкинді ең көп ақша төленетін спортшылардың қатарына енгізді

Forbes журналы әлемдегі ең көп ақша төленетін 100 спортшының рейтингін жаңартты. Онда спортшылардың соңғы 12 айдағы тапқан табысы есептелді.

WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 25 миллион доллар табыс тапқан. Оның 23 миллион доллары соңғы екі жекпе-жегінен (2017 жылдың қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареске және осы жылдың мамырындағы америкалық боксшы Ванес Мартиросянға қарсы бокстасудан) түсті, ал қалған екі миллионы – жарнамадан келген пайда.

Головкиннен басқа бұл тізімге тағы үш боксшы кірді. 285 миллион доллар ақша тапқан америкалық кіші Флойд Мейвезер бірінші орынға жайғасты. Ал Альварес 44,5 миллион долларымен он бесінші, британиялық Энтони Джошуа 39 миллионымен жиырма бесінші болды.

Forbes рейтингінде аралас жекпе-жек спортының өкілі ирландиялық Конор МакГрегор төртінші орын алды. Өткен жылдың тамызында UFC чемпионы Мейвезермен бокс ережесіне сай жекпе-жек өткізді, ал өзінің спорт түрінде мүлдем шықпады. МакГрегор соңғы 12 айда 99 миллион доллар тапқан.

Дереккөзbaq.kz