1 наурыздағы ауа райы: оңтүстік-шығыста ғана күн ашық

1 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы әлі де құбылмалы болады, жауын-шашын түседі, солтүстікте қар жауады, оңтүстік-шығыста ғана күн ашық болады. Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Алматы облысында (Жалаңашкөл маңы) 18-23 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 29 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, Жарма ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында да жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл облысында күн тұманды болады, жел күшейеді.

Түркістан облысында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ақтөбе облысында тұман түседі, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, 18 м/с жел соғады.

Қостанай облысында тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында тұман түседі, жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғады.

Алматы, Қызылорда облыстары мен Алматыға іргелес аумақтарда қар еріп, су тасуы мүмкін. Қызылорда облысында тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Республиканың ірі қалаларында 1 наурыз күні ауа температурасы мына шамада болады:

Астана

4-6 градус аяз

Алматы 

10-12 градус жылы

Шымкент

15-17 градус жылы

Көкшетау

9-11 градус аяз

Ақтөбе

1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін

Ақтау

6-8 градус жылы

Талдықорған

10-12 градус жылы

Атырау

3-5 градус жылы

Қарағанды

2-4 градус аяз

Павлодар

5-7 градус аяз

Петропавл

7-9 градус аяз

Қызылорда

8-10 градус аяз

Орал 

0-2 градус аяз

Өскемен

3-5 градус жылы

Тараз

12-14 градус жылы

Қостанай

3-5 градус аяз