Өткен жылы Алматы облысының экономикасы оң динамика көрсетті

2018 жылы Алматы облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығында өсім 3,6%-ға (703,3 миллиард теңге), өнеркәсіпте – 1,1% (883,9 миллиард теңге), бөлшек тауар айналымы 7,2% (500,1 миллиард теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі 1,6%-ға ұлғайды (276,6 миллиард теңге).

574 миллиард теңге инвестиция тартылып (103%), 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл жоспардан 5,8 мыңға артық (жоспар — 25520). Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.

Бюджетке 387 миллиард теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет түсімі 16,4% өсіммен 202 миллиард теңгеге жетті.