Мәжіліс жаңа министрлердің кандидатурасын бүгін қарастырады

Бүгін Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастырады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін депутат Александр Суслов айтты.

Жалпы, Парламент Мәжілісі оны өте жақсы біледі. Мамин мырза бұл лауазымда жұмыс істей алады деп ойлаймын. Оған көп мәселе байланысты болады. Себебі Президент халқымыз жақсы өмір сүруі үшін әлеуметтік саясат бағытында міндеттер жүктеп отыр. Оның кандидатурасын 106 депутат бірауыздан қолдап дауыс берді, — деді Александр Суслов.

Сонымен қатар ол Мәжіліс комитеттері бейінді министрлердің кандидатураларын қарастыратынын айтты.

Меніңше, 9 министр. Әзірше оған қатысты пікір білдіре алмаймын, — деді ол.

Бүгін ҚР Президенті Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынған еді. Депутаттар бұл кандидатураны қолдады. Кейін Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

ДереккөзInform.kz