Жұмыс аптасы қандай ауа райымен басталады?

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 25 ақпанда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауады, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарында жаяу бұрқасын соғады, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында күн тұманды болады.

Алматы облысында Жаланашкөл көлі ауданында 18-23 м/с жел соғады, жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейді. Алматының үстіндегі Кіші Алматы өзені алабында қар көшкіні қаупі бар.

Бүгін Астанада 12 градус аяз, Алматыда 2 градус жылы, Шымкентте 3 градус жылы болады.