«Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының аясында республикалық «Жас өркен» балалар сыйлығын тағайындады. Ол талантымен, еңбегімен көзге түскен балалар мен балалар ұйымдарына беріледі. Бұл туралы «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды.

Байқаудың шарты бойынша жылына бір рет үздік балалар анықталып, салтанатты жағдайда марапатталады. Байқау «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі, қолданушылар 20 ақпаннан бастап әр номинация бойынша үміткерлерді ұсына алады.

Байқаудың негізгі номинациялары мен құрметті сыйлықтары мынадай:

«Жас зерттеуші» (олимпиадалардың, зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары, ғылыми жоба авторлары);
«Жас дарын» (үздік актер);
«Жас толағай» (үздік спортшы);
«Жас патриот» (айбынымен көзге түскен балалар);
«Жас эколог»;
«Жас қанат» (үздік әнші);
«Жас биші»;
«Жас қалам» (үздік жазушы);
«Жас блогер»;
«Үздік ерікті»;
«Жас ақын;
«Жас суретші»;
«Жас музыкант»;
«Жас фермер».
«Үздік әлеуметтік жоба»;
«Балалар үшін»;
«Үздік мектеп»;
«Үздік балалар ұйымы»;
«Үздік балалар басылымы»;
«Үздік балалар телебағдарламасы»;
«Үздік балалар фильмі».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, үміткерлерді ұсыну 2019 жылдың 1 наурызында аяқталады. Содан кейін таңдалған үміткерлерге дауыс берудің бірінші кезеңі басталады (5-31 наурыз аралығы). Дауыс берудің екінші кезеңі «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының ресми сайтында 5-15 сәуір аралығында өтеді. Жеңімпаздар мамырдың соңында марапатталады.