19 ақпанда ауа райы қандай болады?

19 ақпанда Қазақстанның барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады. «Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, оңтүстіктің кей жерлерінде  жауын-шашын толассыз жауады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Ақмола облысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-23 м/с жел соғады. Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-22 метрге жетеді, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Түркістан облысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді. Қызылорда облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 25 м/с-ке күшейеді. Маңғыстау облысында көктайғақ болады, 17-22 м/с жел, бұрқасын соғады. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және Астанада тұрғындарға ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді. Астанада 1 градус жылы, Алматыда 6 градус жылы, Шымкентте 12 градус жылы болады.