Депутат 29-дан асқан жастарға да мемлекеттен баспана беруді ұсынды

Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Ықсанова 35 жасқа дейінгі қазақстандықтардың да мемлекеттен жалдамалы баспана алуына мүмкіндік беруді ұсынды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырыла бастағалы бері 19 мың пәтердің 34%-ы 28 жасқа дейінгі қатысушыларға берілді. Бірақ жастардың немесе жас отбасылардың барлық бағдарлама бойынша қажеттілігі мен қамтамасыз етілуі туралы өзектендірілген толық мәлімет жоқ. Бұл ақпарат мәселелерді шешу амалдарын жоспарлауға қажет. Бұған қоса, баспананың әртүрлі нұсқасы туралы мәселені де қарастыратын уақыт жетті. Олар — қолжетімді ипотека, студенттерге ғана емес, жұмыс істейтін жастарға да берілетін жатақхана, қызметтік, әлеуметтік баспана, тұрғын үй кооперативтері, жеке тұрғын үй құрылысы, — деді депутат.

Гүлнәр Ықсанова халқының саны үш миллионнан асатын қалаларда жастарға баспана беру мәселесі туралы да айтты.

Жастардың жас шамасының жоғарғы шегін 29 деп емес, 35 деп белгілеу қажет, себебі қазір басқа бағдарламалар бойынша жасы 29-ға жетіп қойғандықтан азаматтардың келісімді рәсімдегеннен кейін үш жылдан соң да баспана сатып алу құқығын іске асыра алмай қалған жағдайлары бар, — деді Гүлнәр Ықсанова.

Еске салайық, бұған дейін Астанада, Алматыда және Шымкентте жұмыс істейтін жастардың мемлекеттен жалдамалы пәтер алуға мүмкіндігі туатыны хабарланған еді. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың мәліметінше, баспананы жалға алу құны жастар үшін айына 12 мың теңге болады.

ДереккөзTengrinews.kz