«Алита: Жауынгер періште»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Роберт Родригес

Ұзақтығы: 121 минут

Рольдерде: Роза Салазар, Кристоф Вальц, Джеки Эрл Хейли, Махершала Али, Дженнифер Коннелли, Эд Скрейн

Жанры: триллер, мелодрама, боевик, фантастика, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмде XXVI ғасырдағы болған оқиға баяндалады. Әлем жоғарғы және төменгі деңгей болып екіге бөлінеді. Біріншісінде ауқатты адамдар өмір сүреді. Екіншісі үлкен қоқыс алаңы десе де болады. Мұнда тұрмысы нашар адамдар өмір сүруге мәжбүр. Бірде доктор Идо істен шыққан киборг қыздың қаңқасын табады. Оны жөндеп, іске қосқаннан кейін Алита деп есім береді. Алита бұрынғы өмірінен ештеңені есіне түсіре алмайды. Бірақ оның бойында жауынгер роботтардың қабілеті бар.

«Періште»

Шығарушы мемлекет: Испания, Аргентина

Режиссеры: Луис Ортега

Ұзақтығы: 118 минут

Рольдерде: Лоренцо Ферро, Чино Дарин, Даниэль Фанего, Мерседес Моран, Сесилия Рот, Питер Ланзани, Луис Ньекко, Малена Вилла, Вильям Просюк, Фернандо Ной

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, 17 жастағы Карлитостың келбеті періштедей, ал ісі шайтаннан бетер жаман. Ол мектептегі жаңа досы Рамонмен бірігіп, қылмыспен айналысады. Бұл олардың өздерін танытудың құралына айналады.

«Айка»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай, Польша

Режиссеры: Сергей Дворцевой

Рольдерде: Самал Еслямова, Джипаргуль Абдилова, Давид Алавердян, Чолпонай Борубаева, Нуржан Кунназарова, Сергей Мазур, Азамат Сатимбаев, Асхат Кучинчереков, Лариса Фирсова, Полина Северная

Ұзақтығы: 100 минут

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

«Айка» фильмі Қырғызстаннан Мәскеуге жұмыс істеуге келген жас эмигрант әйел туралы түсірілген. Аяғы ауыр болып қалған ол сәбиін перзентханада тастап кетуге мәжбүр болады. Бірақ уақыт өте келе аналық сезімі оянған Айка баласын қайтарып алуды жоспарлайды.

«Үзілу»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Тигран Саакян

Ұзақтығы: 80 минут

Рольдерде: Ирина Антоненко, Денис Косяков, Ингрид Олеринская, Михаил Филиппов, Андрей Назимов

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бір топ дос фуникулермен көтеріліп, Жаңа жылды тау басында қарсы алмақшы. Алайда орта жолда аспалы вагон шыңыраудың үстіне келіп тұрып қалады.

«Әулие Агата»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Даррен Линн Боусман

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Кортни Хэлверсон, Сет Майклс

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

ХХ ғасырдың 50 жылдары. Джорджия штатындағы кішкентай қалашық. Алаяқтықты кәсіп қылған Мэри ел шарлап жүреді. Екіқабат екенін білгенде ол әйелдер монастырінде уақытша паналай тұруды шешеді. Бірақ көп кешікпей бұл жерді мекендейтін әйелдердің тылсым құпиясы бар екені белгілі болады.

«Дауыстап сөйлесу»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Алексей Нужный

Рольдерде: Леонид Барац, Ирина Горбачевае Ростислав Хаит, Мария Миронова, Камиль Ларин, Анастасия Уколова, Александр Демидов, Вероника Корниенко

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жеті дос бас қосып, бір ойын бастайды. Бәрі де телефонға келген хаттарды дауыстап оқып, сөйлескенде телфонның дауысын шығарып қою керек. Нәтижесінде достары бір-бірі туралы таңғаларлық шындықтың бетін ашады.»

«Анна мен Бруно»

Шығарушы мемлекет: Мексика

Режиссеры: Карлос Каррера

Ұзақтығы: 96 минут

Рольдерде: Марина Де Тавира, Дамиан Алькасар, Эктор Бонилья, Сильверио Паласиос

Жанры: мультфильм, шытырман оқиғалы

Мультфильмде қиял әлемінде өмір сүретін Анна есімді қыз туралы оқиға баяндалады. Оның достарын Аннадан басқа ешкім көрмейді. Арман қуған Анна олармен қызықты саяхатқа аттанады.