«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының лонг-листіне енді

Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмі «Оскар» премиясының «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша лонг-тізіміне Қазақстанның атынан енді. Бұл туралы кинопремияның сайтында хабарланды.

Бұл категория бойынша «Оскардың» лонг-тізіміне енгендердің қатарында Константин Хабенскийдің «Собибор», Дарья Жуктың «Хрусталь» белорус лентасы, украиналық Сергей Лозницаның «Донбасс», қытайлық Цзян Вэннің Hidden Man фильмі бар.

Айта кетейік, «Айка» фильмі Қырғызстаннан Мәскеуге жұмыс істеуге келген жас эмигрант әйел туралы түсірілген. Аяғы ауыр болып қалған ол сәбиін перзентханада тастап кетуге мәжбүр болады. Бірақ уақыт өте келе аналық сезімі оянған Айка баласын қайтарып алуды жоспарлайды.

ДереккөзTengrinews.kz