Қазақстандық Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. «Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет», — деді ол.

«Айка» әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: «Кинодвор» атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Самал Еслямова

Самал Еслямова

ДереккөзTengrinews.kz