Гүлнар Құсайынова: Баспанамен қамту — басты бағдар

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бiздiң өмiрiмiздi түбегейлi өзгерістер орын алып, әлеуметтік саясаттағы қайта құрулар толағай табыстарға жеткізді. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатымен тығыз байланысты.

Өмiр сапасының негiзгi көрсеткiштерiн салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда қазақстандықтардың орташа ақшалай кiрiсі еселенгені белгілі. Қазіргі уақытта табысы орташа және iшiнара табысы төмен отбасыларының тұрғын үй салуына немесе оны сатып алуына мүмкiндiк жасалды. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы», 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауы әлеуметтік бағыт мемлекеттің үнемі назарында екендігін көрсетіп отыр. Осы ретте, жеке тұрғын үй секторының үлесiн айтарлықтай ұлғайтпайынша, тұрғын үй нарығы мен еңбек нарығын, капиталдың және басқа ресурстардың аумақтық және салааралық ауысуының тиiмдi тетiгiн қалыптастыруға болмайтындығы ескерілген, — деп атап өтті Гүлнар Құсайынова.

Қоғамдық кеңес мүшесінің айтуынша, «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй мәселелерін оңтайлы шешуге арналып отыр. Жеңілдетілген және қолжетімді ұсынылған бағдарлама шеңберінде ішінара дәрігер, мұғалім, әскери қызмет өкілдерінің 10%-тік ынталандыру тетігі жұмыс орындарында қарастырылған. Сондықтан да толық көлемде көпшілікті ақпараттандыруды кеңейту арқылы әлеуметтік саясаттың қолжетімді мүмкіндігін қолдануға болады.