Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Юлия Галышева тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Юлия Галышева. Фото: Оlympic.kz

Американың Парк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Юлия Галышева могулдан әйелдер арасында чемпион атанды.

https://www.youtube.com/watch?v=FvQvzCsUosY

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күміс жүлде 78.99 ұпай жинаған австралиялық Энтони Джакараның еншісінде. Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

Ерлер арасында қазақстандық Павел Колмаков финалдық кезеңге өтті. Бірақ үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-орынмен аяқтады. Ал Аяулым Әміренова, Александр Геберт және Сергей Романов іріктеуден өткен жоқ.

Айта кетейік, құрама көшбасшыларының бірі Дмитрий Рейхерд жарақатына байланысты әлем чемпионатынан сырт қалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *