Универсиада: Павел Колмаков екінші қола жүлдесін алды

Универсиада ойындарында қазақстандық могулшы Павел Колмаков қола жүлдеге қол жеткізді.

Параллельді могулда ол ресейлік Евгений Гедровичпен сынға түсіп, 20:5 есебімен басым түсті.

Ал, алтын жүлдені отандасымыз Дмиртрий Рейхард алды. Бұл оның Универсиада додасындағы екінші алтыны. Ол Шимбуев Сергейден басым түсіп, 13:12 есебімен ұтты. Күміс жүлде ресейлік спортшыда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 18 медаль бар: 8 алтын, 2 күміс және 8 қола жүлде. Командалық есепте Қазақстан құрмасы 2-орында келе жатыр.