Қазақстанның әуе компаниялары мереке қарсаңындағы және мереке күндеріндегі ішкі және халықаралық бағыттар бойынша рейстер санын көбейтіп отыр. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Air Astana компаниясы мына бағыттар бойынша қосымша ішкі рейстер ашып отыр:
Астана — Өскемен — Астана;
Астана — Шымкент — Астана;
Алматы — Астана — Алматы;
Алматы — Ақтау — Алматы;
Алматы — Шымкент — Алматы.
Сонымен бірге Астана — Бангкок — Астана халықаралық бағыты бойынша қосымша рейс болады.
Scat әуе компаниясы
Алматы — Петропавл — Алматы;
Алматы — Ақтау — Алматы;
Ақтау — Алматы — Ақтау;
Астана — Ақтау — Астана;
Астана — Талдықорған — Астана бағыттары бойынша қосымша рейстер ашып отыр.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың 11 айында Қазақстанның әуетасымалдаушылары 7,3 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл 2017 жылдың сондай кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп. Биыл транзиттік әуе жолаушыларының саны 810 мың адам болды, бұл былтырғы көрсеткіштен 40%-ға көп. 2018 жылдың соңына дейін транзиттік жолаушылардың қатары 900 мың адамнан асуы мүмкін. Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанның әуежайлары 13,2 миллион адамға қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың сондай кезеңіндегі көрсеткіштен 6%-ға көп.