Қазақстанда ілбіс бейнеленген жаңа авиалайнер пайда болды

Қазақстанда тұмсық тұсында ілбіс бейнеленген жаңа жолаушылар ұшағы пайда болды. Бұл туралы Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

Ұлттық әуетасымалдаушының жаңа Embraer 190-E2 ұшағы 3 желтоқсан күні Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына қонды.

Ұшақ Бразилиядағы Embraer зауытында құрастырылған. Жаңа авиалайнер — Қазақстанда 2011 жылдан бері пайдаланылып жүрген Embraer E-Jets желісінің модернизацияланған нұсқасы. Әуе көлігі 5 278 шақырымға дейінгі шағын және орта қашықтыққа ұшатын қосдвигательді тарфюзеляжды жолаушылар ұшағы тобына жатады, — делінген Air Astana әуе компаниясының хабарламасында.

Компания өкілдері жаңа жолаушылар ұшағының қандай артықшылығы бар екенін және тұмсық тұсына не себепті қар барысының бейнеленгенін түсіндірді.

Е2-нің ерекшелігі — операциялық шығындары, эмиссия деңгейі, шуы аз. Әуетасымалдаушы флотындағы Embraer-дың бұрынғы модельдері алдағы уақытта біртіндеп жаңасына ауыстырылады. Авиалайнердің тағы бір бірегей артықшылығы — тұмсық бөлігіндегі ілбістің бейнесі. Air Astana ерекше ливреясымен әлемдік қауымдастық назарын ілбіс басының Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінде сиреп кетуі мәселесіне аударғысы келеді және экологияны жақсарту мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді тағы бір көтергісі келеді, — дейді Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар департаментінің мамандары.