Мәслихат депутаттарына, аудан активі мен денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларының қызметкерлеріне мерейтой төсбелгілері мен алғыс хаттар табыс етілді.
Аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдары қала мен «Алматы» ауданы қарқынды дамығанын атап өтті.
Жаңа көшелер, даңғылдар, тұрғын үй кешендері, мектептер, балабақшалар мен әкімшілік ғимараттар бой көтерді, аулалар мен парктер көріктендіріліп, жаңа бақтар пайда болды, әрбір азамат ауданымыз бен Астанамыздың, жалпы еліміздің дамуына үлес қосып жатыр, — деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.
Әділбек Сәрсембаев мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне белсенді қатысқан мәслихат депутаттарына, аудан активі мен денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларының қызметкерлеріне мерейтой төсбелгілері мен алғыс хаттарын табыс етті.