көмір
Фото: Аstana.gov.kz

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, сәрсенбі күні Астанаға 1 659  тонна көмір жеткізілді. Жеткізілген көмірдің 485 тоннасы – «Шұбаркөл», 484 тоннасы – «Қаражыра», 690 тоннасы – «Майкөбе» маркалы көмір.

Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты.

Астанадағы көмірдің бағасы төменде көрсетілген:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11 400 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 500 теңге,

«Богатырь көмір» тоннасы – 9 000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.