«Қазгидромет» болжамы: күн райы құбылмалы

19 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша батыс пен солтүстік-батыстан басқа өңірлердің бәрінде жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарында арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында да тұман түсіп, бұрқасын, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Қарағанды облысында арагідік екпіні секундына 18 метрге жететін жел соғады.