Назарбаевтар отбасы Жаңа жылды қайда қарсы алады?

Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Жаңа жылды қай жерде және қалай қарсы алатынын айтты.

Әрқашан Жаңа жылды отбасында, анаммен, әкеммен бірге қарсы аламыз. Отбасымыз түгел жиналады, балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз — бәрі. Мерекені Алматыдағы ата-анамыздың үйінде қарсы аламыз. Бәріміз сол күнді асыға күтеміз, — деді сенатор Астанада журналистер арасында өткен «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатынан соң.

Дариға Назарбаева өз әулетінің бір жылда бір-ақ рет — осы Жаңа жыл мерекесінде  түгел бас қосатынын және отбасы мүшелерінің бір-біріне қандай сыйлық сыйлайтынын айтты.

Анамыз, мысалы, өзіне тірі, құмыраға егілген гүлден басқа ешқандай сыйлық бермегенін ұнатады. Ол, өзінің айтуынша, «өлі гүл», яғни кесілген гүл бергенін қаламайды. Бұл — өте жақсы дәстүр. Осылайша біз біртіндеп бір-біріміздің үйімізді көгалдандырамыз. Сіздерге осыны айта кетейін. Кішкентай балалар, немерелер, әрине, ойыншықтарды немесе компьютер ойындарын алғысы келеді. Ересектер қашан да қандай да бір жағымды, символдық заттар мен өзіне назар аударылғанын қалайды. Бұл орайда қазақстандықтарды таңғалдыратын ештеңе айта алмаймын, көптің бірі сияқты қуанамыз, бас қосқанды жақсы көреміз. Және міндетті түрде анамыздың бешбармағын жегенді ұнатамыз. Айтпақшы, бүгін ол балалары үшін қазы мен шұжық жасап жатыр. Дәмді қазы мен шұжықты сол ғана жасай алады, — деді Дариға Назарбаева.

ДереккөзTengrinews.kz