Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте жүр

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, алдағы кездесулер кестесін қарастырған еді. Олар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік барысын талқылады.