Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургте кездесу жөнінде сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сонымен қатар күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.