Аудандағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесі талқыланды

Алматының Жетісу ауданындағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы» екінші бастамада жалақысы аз қызметкерлерге жеңілдік жасау міндеттелген еді.

Алматы Жетісу
Фото: Zhetysu.almaty.kz

Аудан әкімдігі мен Алматының мемлекеттік еңбек және көші-қон басқармасымен бірлесе отырып Жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатында жалақысы 50 мың теңгеден аспайтын жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы ойларын айтты.