Балабақша қызметкерлері «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылады

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының орынбасары Мұхан Алмасаев Алматыдағы №120 ясли-балабақшаның еңбек ұжымымен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жүзеге асыру барысын талқылады.

Кездесу барысында балабақша қызметкерлері Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда басты мәселе – баспана жайы, осыған орай «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар қойылды.

Мұхан Алмасаевтың айтуынша, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін әрбір қазақстандық несиеге баспана сатып ала алады, бірақ қарыз алушының ең төменгі табыс деңгейі бағдарламада белгіленбесе де, ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін жеткілікті, оның расталған кірісінің болуы қажет.

Кездесу соңында мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметкерлер мен балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру мәселесі талқыланды.

Дереккөзnurotan.kz