Кеше Астанадан 37 мың текше метрден аса қар шығарылды

23 қарашада қаладан 37 194 текше метр қар шығарылды. Қар күреуге 325 қызметкер жұмылдырылды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабаралды.

«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, жұмада қар жинау жұмыстарына 620 теxника қатысты.

Қала сыртына шығарылған 37 194 текше метр қардың 13819 текше метрін «Астана Тазалық», 21105 текше метрін мердігер ұйымдар, 2270 текше метрін «Зеленстрой» АҚ жинады.

16 қазан мен 23 қараша аралығында қала сыртына шығарылған қар көлемі 234632 текше метрге жетті. Өткен тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 472 текше метрі себілді.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатынынын еске салады.