Астананың iKomek орталығына 700 мыңнан аса өтінім келіп түскен

Астананың iKomek орталығына жыл басынан бері қала тұрғындарынан 703 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Олардың  99,7% орындалды.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтінімдер саны өткен жылмен салыстырғанда 300 мыңға арқан.

Айта кетейік, iKomek орталығының қызметтер каталогында 1050-ден астам қызмет бар.  Оларға су астында қалу, жолдар/жаяу жолдар жабынының зақымдалуы, лифт жұмысының қалпына келтірілуі, құдық қақпақтарының ашық қалуы және қаңғыбас иттерді ұстауға қатысты сұрақтар кіреді.

Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі беріліп, Астана тұрғындары өтініштерінің тізіміне енгізіледі, ары қарай белгіленген мерзімде атқару үшін мемлекеттік органдарға, коммуналдық қызметтерге жолданады.

Қазіргі уақытта өтінімдердің 77% бірінші қоңыраудан-ақ  шешіледі. Енді бұл көрсеткішті 85%-ға арттыру жоспарланды.