Астана қысқа дайындықты бастап кетті

Астана қаласының коммуналдық қызметі қысқа дайын. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала көшелерін қардан тазартуға 2 мыңға жуық мамандандырылған техника жарақталды. Тазалау жұмыстарына 2500 жұмысшы қатысады.

Алматы ауданында 578 техника, Байқоңыр ауданында – 283, Есіл ауданында – 526, Сарыарқа ауданында – 437 арнайы техника дайындалды.

Оның ішінде қар тазалау бойынша жұмыстардың біраз бөлігін екі ірі мердігерлік ұйым ұйымдастырады. Олар: «Астана Тазалық» ЖШС мен «Астана Зеленстрой» АҚ. Екі компанияның да паркінде 400-ден аса мамандандырылған техника бар.

«Астана Тазалық» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланы қардан тазалаумен 500 жұмысшы айналысады және 256 техника жұмылдырылады. Бұдан басқа, кәсіпорынның қызметкерлері құм мен тұз араласқан көлемі 20 мың текше метр (таяу арада тағы да 8 мың текше метр дайындалады) және көктайғаққа қарсы реагент дайындады.

Қар жинау жұмыстары кезінде әлеуметтік объектілер, ішкі кварталдың территориялар, үйлер мен аулаларды тазалауға көп көңіл бөлінеді, — делінген хабарламады.

Синоптиктердің болжауынша, биыл қыс Қазақстанға ерте түсіп, қарлы болады.