“Бұл туралы сіздерге айтпай отыра алмаймын, бүгін 30 қарашада Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ға толыққанды мүше болды. Бұл туралы ДСҰ бас ассамблеясының отырысында жарияланатын болады. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз тарихындағы маңызды кезең болып табылады”, — деді Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауын жариялау барысында.
Сонымен қатар президент Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын да сөз етті.
Біріншіден, Қазақстан бәскеге қабілеттілік көрсеткішінде әлемде 42-ші орын алды”, – дейді Назарбаев.