17 қарашадағы ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түседі. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с артып, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасын болады. Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.