Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылыс жоспарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президентке Астананың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени нысандарын салу үдерісімен егжей-тегжейлі танысты.