Астана әкімі Ұлттық пантеон құрылысына қанша қаражат бөлінгенін айтты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Dialog.egov.kz сайтындағы интернет-конференция барысында Ұлттық пантеон құрылысына қанша қаражат жұмсалатынын айтты.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жобалау-сметалық құжаттама бойынша Қазақстанның Ұлттық пантеоны құрылысының жалпы сметалық құны — 958 миллион 300 мың теңге.

2018 жылға дейін бұл жобаны іске асыруға 287 миллион теңге бөлінді. 2018 жылы пантеон құрылысын аяқтауға 489 миллион теңге қарастырылған, — деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 26 қазанындағы қаулысымен Үкіметтің 2017 жылдың 29 мамырындағы «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгені хабарланған еді. Жаңа құжаттың Ұлттық пантеон аумағында жерленуі тиіс тұлғалар санатын анықтайтын тармағы ішінара өзгертілді.

ДереккөзTengrinews.kz