Биыл 120 мың астаналық тегін дәрі-дәрмек алады

Дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарға бюджеттен 10,7 миллиард теңге жұмсалды. Бұл туралы Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Өткен жылы тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекке бюджеттен 8,7 миллиард теңге бөлініп, 100 мың науқасты қамтыған еді. Биыл тегін дәрі-дәрмек алған адам саны 20 мыңға артты, — делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тегін дәрі-дәрмек қалалық мемлекеттік емханалардың дәріханасында беріледі. Бұл бюджет қаржысын 1 миллиард теңгеге үнемдеді. Дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдарды республика бойынша «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы жеткізеді.