Байқоңыр тұрғындары енді мемлекеттен толық медициналық көмек ала алады

Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек РФ заңнамасына сай беріліп келген еді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында «2009 жылғы қарашадағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Қолданыстағы келісімнің аясында Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмек тек ресейлік медициналық ұйымдармен РФ заңнамасына сәйкес берілетін еді. Қазақстанда жүзеге асырылатын медициналық көмектің ерекшеліктері бойынша ел азаматтары заңнамамызға сәйкес тегін медициналық көмекті, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін алу, профилактикалық медициналық тексеруден өту заңды құқығымен қамтамасыз етілмеген болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, енді Байқоңырдағы Қазақстан азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады.

Қазір Байқоңыр тұрғындарында қолжетімді жоғары мамандандырылған медициналық көмекті алу мүмкіндігі жоқ. Бұл мүгедек адамдардың өмірінің және жалпы өмір сүру сапасының төмендеуі қаупін ұлғайтады. Қолданыстағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы Байқоңырда, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын ҚР азаматтарына ұлттық заңнамаға сәйкес, Қазақстан денсаулық сақтау мекемелерімен медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, — деді министр.

Сонымен қатар, министр 2016 жылдың 12 тамызында Байқоңырда Қызылорда облыстық медициналық орталығының филиалы пайдалануға берілгенін еске салды. Сонымен қатар 2018 жылғы қаңтардан бастап қалада 30 мың адамға қызмет көрсететін емхана ашылды. Қазіргі уақытта бұл емханаға 19 мыңнан астам тұрғын тіркелген. 2019 жылы  емханада хирургия және жансақтау бөлімшесін ашу жоспарланып отыр.

Алайда Байқоңыр аумағындағы қазақстандық медициналық ұйымдардың қызмет көрсету құқығын бекіту тек заңнамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға алып келмейді, — деді Елжан Біртанов.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? — ғалымдар пікірі

Наурыз мейрамы мұсылмандыққа қайшы деген пікір бар. Наурыз тойлау халал ма? Бұл туралы ҚМДБ маманы Хасан Аманқұл мен тарихшы, дінтанушы Ернар Атаулан тарқатып айтты.

Мереке Құлкенов: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді

Ұлыстың ұлы күні туды. Тұмса табиғатпен бірге ел де, қоғам да жаңарып жатыр. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы бір жылда қолға алған саяси реформалары 30 жыл қордаланған түйткілдердің шешімін табуға жол салды.

Қор нарырығында доллар 460 теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.

Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысында су тасқыны қаупі бар екенін ескертті.

Александр Братенков: Алматылық бақылаушылар сайлауда кәсіби дайындығын көрсетті

Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындығын көрсетті. Бұл туралы бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков айтты.