Назарбаев Қытайдағы сапарын үзіп, Өзбекстанға барады

«Жоспардың кенеттен өзгеруі Қазақстан билігі өзбек президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғанын қалай болғанда хабарлауына дайындалып жатқанын көрсетеді» деп хабарлады Reuters.

Азаттық Қазақстан президентінің баспасөз қызметінен бұл ақпараттың анығын білмек болғанымен, баспасөз қызметі телефонға жауап бермеді.

Өзбекстан министрлер кабинеті бүгін президент Ислам Каримовтің денсаулығы күрт нашарлап, хал үстінде жатқанын мәлімдеген.

Бұған дейін Өзбекстан үкіметі Каримовтің 28 тамызда инсульт алып, ауруханаға түскенін хабарлаған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға G20 елдерінің саммитіне қатысу үшін 1 қыркүйек күні кешке барған.

ДереккөзАзаттық