Гүлшара Әбдіқалықова Президентке мерекелерді атап өту туралы баяндады

Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Мемлекет хатшысы Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімдеп, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізу қажет екенін айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы да баяндады.