Бақытжан Сағынтаев: Өңірлерде студенттерді жатақханамен қамту мәселесі шешілмей жатыр

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» бойынша өңірлерде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілмей жатқанын айтты.

Отырыста Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» бойынша мемлекеттік гранттардың санын өскенін, бірақ жатақхана салу бойынша 7 университетпен ғана келісімшарт жасалғанын мәлімдеді.

Бақытжан Сағынтаев бұл өте төмен көрсеткіш екенін айтты. Оның пікірінше, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өңірлерде тиісті деңгейде шешілмей жатыр.

Бұл мәселе қысқа мерзім ішінде шешілетін болса, қосымша тағы қарау керек. Бірақ осыған байланысты кейбір өңірмен жұмыс жүргізу шарт. Олардың тарапынан жұмыс жылдам жүруі керек. Әзірше, сіздің баяндамаңыздан ондай жұмысты байқаған жоқпын. Бірнеше университет қана дайындығын көрсетіп отыр. Қалған жерде ешқандай жұмыс жоқ. Не себеп, айтылмады, — деді Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министріне.

ДереккөзBaq.kz