Атырауда жастар саясатын дамытудың жоспары талқыланды

Атырауда облыс әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету, жастар саясатын жүзеге асыру, жастар ұйымдарын біріктіру туралы мәлімдеді.

Ресурстық орталықтар жастармен үлкен жұмыс жүргізіп отыр. Бүгінде олар облыстың барлық ауданында құрылған. Бұл орталықтар жастарға нақты көмек көрсету орны болып табылады. Оларға жыл басынан бері түрлі мәселелер бойынша 1,8 мыңнан астам адам өтініш білдірген болатын. Жалпы айтқанда, жұмысқа орналасу, шығармашылық идеялар және өз ісін ашу бойынша өтініштер түсіп отыр, — дейді Роллан Құспан.

Бүгінгі таңда облыста шамамен 147 мың жас тұрады, бұл — облыс халқының 24%-ы.

Жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам қатысқан жастардың 27 жәрмеңкесі өткізілді. 70 кәсіпорын 900 бос жұмыс орнын ұсынды, нәтижесінде 130 жас адам жұмысқа орналасты. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жастарды жазғы уақытта жұмысқа тарту бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілді. Студенттер мен жұмыссыз жастардан тұратын 2150 адам осы жобаға қатысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта жергілікті және республикалық бюджеттен 140,5 миллион теңге бөлінді, — деді Роллан Құспан.

Жастарды жұмысқа орналастырудың тағы бір бағыты — «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Жыл басынан бері 32 жас маман бюджеттік несие алды. 125 адамға көтерме жәрдемақы берілді. Жас мамандарды ауылға тарту — мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі.

Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының айтуынша, облыс жастары бүгінде мәдени, спорттық, шығармашылық жобалармен қамтылған. Бұл – пікірталас клубы, Дельфий ойындары, этнофестивальдар, жастар театры және тағы басқалар.

Кеңес отырысында Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженовтың баяндамасы тыңдалды. Ауданда жастарды қоғамдық өмірге тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Бұл – жас мамандарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және мемлекеттік қолдау көрсету және түсіндіру.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  өңірде жастар саясатына қатысты бірнеше мәселе бар екенін айтты.

Бірінші кезекте, бұл — жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Әр қала, аудан бойынша талдау жүргізу қажет. Қазір ЖОО-ның қанша түлегі жұмыссыз, ұсынылатын жұмыстан бас тартудың негізгі себебі қандай? Өздеріңіз білесіздер, жұмыс берушілер 900 бос қызмет орнын ұсынып және тек 130  адам жұмысқа орналасып отыр. Біз жастарға мемлекет ұсынатын барлық жағдайды түсіндіруіміз керек, Елбасы өзінің Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Біз қандай жұмыс жүргіземіз? Бұл үшін не қажет? Бұл мәселелердің барлығы күнделікті бақылауда болуы тиіс, — деді Нұрлан Ноғаев.

Жиында жастар саясатын дамыту бойынша жаңа жоспарлар айтылды. 2019-2021 жылдарға арналған өңірдің «Жол картасы» әзірленіп жатыр, онда жастармен жұмыс істеудің стратегиялық бағыттары айқындалған.

Облыс басшысы жастар ресурстық орталықтарын одан әрі қолдау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдап, әкімдерге орталықтарды барлық деңгейдегі қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырды.

Жастар жиналатын орындар. Бұл орталықтарда өзге де жастар ұйымдары орналаса алады. Туындаған мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, жастармен жұмыс істеудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуге мүмкіндік алады. Өйткені бүгінгі таңда жастар қозғалысының көшбасшылары барлық жас ұрпақты көшке ілестіріп, оларды жақсы істерге бағыттауға тиіс. Сөзіме жастар назар аударатын тақырып қозғайтын жастар театры мысал. Жұмысқа ақсақалдар, қоғамдық кеңестер, депутаттар, аудан әкімдері, барлық бөлімдердің басшылары қатысуы тиіс. Бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз, — деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу барысында жастар ұйымдарының басшылары облыс әкімінен кеңселермен қамтамасыз етіп,  жастар бастамаларын дамытуға арналған несиелерді субсидиялауды өтінді. Нұрлан Ноғаев Атырауда жастар сарайының, шығармашылық орталықтың құрылысы жүріп жатқанын еске салды. Сол ғимараттарда жастарға барлық жағдай жасалады.

Жастармен жұмыс істеу жауапты әрі қиын. Біз бастамаларыңызды әрқашан қолдаймыз. Қаржылық жағынан да қолдау білдіреміз,- деді облыс әкімі.