Атырауда облыс әкімі жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс өткізді

Дәріске Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында оқып жатырған жас мемлекттік қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде 27-жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, 15-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдердің қызметкерлері қатынасты.

Шарада аймақ басшысы жас мемлекеттік қызметкерлерге облыстағы жетістіктер мен 2017-18 жылдардағы көп  өнімнің  өндірілгені туралы айтты.  Сонымен қатар, дәріс барысында Нұрлан Ноғаев өзінің жұмыс барысында жинаған тәжірибесімен бөлісті.  Аймақ басшысы жиынға қатысып отырған қызметкерлерге, мемлекеттік қызметтің ауыр жұмыс болса да, жауапты қызмет екенін жетік түсіндірді.

«Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкер болу бұл халық пен басшылықтың тарапынан бізге білдірген үлкен сенім. Әр азаматтың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастыру әрбір мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей міндетті. Мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік пен  кәсіби білімді, адалдықлық пен  өмірлік ұстанымда белсенді, адамгершілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Ол өз елінің патриоты болу қажет. Өз білімін үнемі жетілдіріп отырып,  үнемі ізденісте болуы керек. Мемлекет басшысының жариялаған бұл қағидалары мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге бел байлауға шешім қабылдағандар үшін анық нұсқаулық болуы керек»,-дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы  Сәуле Кубашеваның айтуынша, облыста Мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Жас кадрлар дайындау мен  қайта даярлау  Мемлекеттік қызмет академиясының, сондай-ақ Атырау облысының әкімдігінің басты міндеті.

«Облыс әкімі біздің бастамаымызды қолдап, жас мемлекеттік қызметкерлерге дәріс оқығаныңызға қуаныштымыз. Әрбір жаңадан келген маман үшін жақсы үлгі болуға, жұмыс жолының басында күшті тәлімгерге ие болуы керек. Облыс әкімі мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру  тәжірибесімен бөлісіп тұрғаны бізді қуантады. Біздер өз жұмысымызда тікелей пайдаланылатын өте құнды және пайдалы ақпарат алғанымызға сенімдіміз «, — дейді Сәуле Кубашева.

Айта кетейік, ҚР үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш келген мемлекттік қызметшілер  қайта даярлықтан өту міндетті екенін айтқан болатын.  Бүгінгі күні өңірімізде 42 жаңа мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру мақсатында оқуда.