Қазақстандық түлек Камила Әбдірасылова 100 мың АҚШ долларлық грантты жеңіп алды

Камиланың жетістігі өзі таңдаған The Honk Kong University of Science and Technology университетінде бағаланып, оған толық 100 мың доллар көлемінде 4 жылдық стипендиясын тағайындады.

Камиланың бұл жетістігі оның жеңіске барынша ұмтылуы мен мектепте алған білімінің шыңы болды. Қаршадай қыз талантқа тұсау жоқ екенін, оны еңбексүйгіштікпен байланыстыруға болатынын көрсете білді. Ұстаздары Камиланың табиғатына сай қарапайымдылығына қарамастан  ақылдылығымен, ішкі әлемінің байлығымен, шығармашылық қабілетімен және жұмысқа деген таңғалдырарлық зор қабілетімен ерекшеленіп тұратынын айтады.

Дереккөзedu.gov.kz