Астаналық ең үздік жас отбасы 800 мың теңге иеленеді

Астана қаласының жас отбасылары арасында «Үздік жас отбасы» байқау жарияланды. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауды «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы Астананың қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысымен ұйымдастырды.

Байқау 2 кезеңнен тұрады. Қатысушылар бірінші кезеңде өз отбасы туралы «Отбасы — бақыт мекені» тақырыбында эссе жазуы керек. Жұмыстар 12 қазанға дейін [email protected] поштасы бойынша қабылданады. Ал екінші кезеңге ең үздік 10 жұп өтеді. Ол 20 қазан күні «Оқушылар сарайында» өтеді.

Байқаудың жүлде қоры – 800 мың теңге. Сұрақтарды Instagram-дағы @astana.otbasy парақшасына жолдауға болады. Байқау ережесі және өтінімді толтыру үлгісі Zhasulan.kz ресми сайтында жарияланды.