Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи орындарды аралап көре алады.
Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордасы мен резиденциялары ортағасырлық мешітімен бірге және басқа да бірнеше нысан толық қайта қалпына келтіріледі.