Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды

Қазақстан Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде танымдық және рухани туризм үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Осыған орай, әрбір турист музей аумағында орналасқан тарихи орындарды аралап көре алады.

Назарбаевтың Түркістанға сапары
Фото: akorda.kz

Бірінші кезекте Түркістанның ежелгі қоныстарының бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылады. Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордасы мен резиденциялары ортағасырлық мешітімен бірге және басқа да бірнеше нысан толық қайта қалпына келтіріледі.