«Астанаға тарту» жас ақындар мүшәйрасы жарияланды

Астанада «Астана — жастар жүрегінде», «Астана — жиырмадағы жас қала» және «Еркін тақырыпта» жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақындар жарысы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырманы жүзеге асыру мен Астананың 20 жылдық мерейтойына арналады.

Мүшәйраға 16-28 жас аралығындағы барлық жас ақындар қатыса алады. Жеңімпаз ақындарға бағалы сыйлықтар қарастырылған:  1 орын — 1 адам — 300 000 теңге, 2 орын — 2 адам — 200 000 теңге, 3 орын — 3 адам — 100 000 теңге, «Ең үздік 4 жас ақын» — 50 000 теңге.
Ең үздік 30 ақынның өлеңдері жинақталып кітап ретінде шығарылады және жоба соңында қорытынды марапаттау концерті өтеді.

Мүшәйраға қатысуға өтінімдер мен өлеңдерді 2018 жылдың 14 қазанына дейінгі аралықта jasaqyn.kz сайтына тіркеліп, [email protected] және [email protected]  электрондық пошталарының біріне өлеңдерді жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты Instagram-дағы @jasagyn.kz, Facebook-тегі Jasagyn.kz және VK желісіндегі Jasagynkz парақшаларынан білуге болады.