Студенттер діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұру жолдарын үйренді

Алматы медициналық колледжінің студенттері «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында  дәріс тыңдады.

Дәрісті Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысымен «Перспектива» Ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастырды.

діни дәріс
Фото: “Перспектива” ақпараттық-кеңес беру тобы ҚҚ

Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының мақсаты — жастарға діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру жолдарын үйрету. Біз де олардың санасын діншілдіктен сақтандыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, — дейді “Перспектива” АКТ ҚҚ психологы Румилям Мансұрова

Студенттермен кездесуде дінтану магистрі, PhD докторанты Мырзахмет Жузей мен психолог Румилям Мансұрова дәріс оқып, студенттердің діни заңнамаға қатысты пікірлерін тыңдады.

Қатысушылар экстремизмге қарсы шараларды күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге байланысты мәселелерді талқылады.

діни дәріс
Фото: “Перспектива” ақпараттық-кеңес беру тобы ҚҚ

Шараға қатысқандарға қазақ және орыс тіліндегі үлестірмелік парақшалар (буклет, презентациялар жазылған CD) таратылды.