Астанада суретшілердің халықаралық көрмесі басталады

Халықаралық көрменің алғашқы тақырыбы — Metamorphosis. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жоба суретшілердің ішкі көңіл-күйі мен хал-ахуалын, кең ауқымды мәселелер бойынша көзқарасын зерттеуге арналған. Astana Art Show көрмесіндегі суреттерде суретшілердің жеке өздері және маңызды оқиғалар туралы әңгімелері, сонымен қатар суретшінің шексіз эволюциясында, оның метаморфозында, шығармашылығындағы бұрылыс нүктесінде маңызды кезеңдері суреттеледі.

Жоба қатысушылары – толық жетілген және шетелде танымал болған қазақстандық жас суретшілер. 20-дан астам суретші халықаралық ірі көрмелерге қатысқан және шоуға арнайы дайындалған еңбектерін ұсынады. Көрме қатысушыларының арасында танымал жапон фотографы, «Мен Обломов» белгілі автопортрет сериясының авторы – Икуру Куваджима бар. Сондай-ақ, көркем өнерді қадірлеуші елордалықтардың назарына жұмыстарын Лондонда аты шыққан қазақстандық Аза Шаденова ұсынады. Ал жас суретші Әділ Әубекеров Астана тұрғындары мен қонақтарын қала ғимараттарының бірінің қасбетіне салынған жаңа арт-нысанмен таныстырады.

Суреттер мен инсталляцияларды келушілердің TSE Art Destination галереясында және оның айналасында тамашалауға мүмкіндігі бар. Metamorphosis-пен қатар, Орталық Азия елдері мен Қазақстанның 16 жас суретшісінің шығармашылығына арналған «Қайта жүктеу. Кеңістікті оңтайландыру» көрмесі өтеді.

The Ghost Expedition үшінші көрмесінің ұйымдастырушылары – Еуропалық Одақ. Жоба шеңберінде қазақстандық және еуропалық суретшілер тобы Маңғыстау облысының киелі орындарын зерттеу барысында көркем жұмыстарының нәтижелерін ұсынады.

Сонымен қатар жоба аясында танымал суретшілердің дәрістері, шеберлік сыныптары мен кураторлық экскурсиялары өтеді. Astana Art Show ашылуында іс-шараның арнайы қонағы – әлемге әйгілі музыкант Benjamin Skepper (Мельбурн, Австралия) өнер көрсетеді. Benjamin Skepper – көркем мәтінде заманауи технологиялар мен ғылыми инновацияларды қолдана отырып, жаңа эксперименттік музыкалық шығармалар жазатын өнер адамы.